Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік ұрысы Алматы тұрақтарында “жұмыс істеді”

Көлік ұрысы Алматы қаласының беделді ауданында жүріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотты болған 24 жастағы Н.есімді азамат, түнгі көшелерді аралап, тұрақта тұрған көліктерге қарап жүрді. Көлікте қалып қойған рюкзактарды, сөмкелерді, портфельдерді байқаған қаскөй ұзақ ойланбастан, әйнектерін сындырып, құнды заттарды ұрлаған.

– Жұмыссыз қаскөй жалғыз өзі, түнде Самал ықшамауданында жүрген. Ол өтіп бара жатқан адамның кейпін танытып, көліктерді қарап, жағдайды бақылап, содан кейін әрекет етті. Көліктің терезесін таспен сындыру арқылы құнды болып көрінген мүліктің барлығын алған және қылмыс орнынан тайып тұрған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта оның екі эпизодқа қатысы бар. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік мекемеге, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз ену арқылы жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру