Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері пробация есебіндегілерге қайырымдылық көрсетті
Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері пробация есебіндегілерге қайырымдылық көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖД жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дархан Берікбай бастаған қызметкерлер пробация есебіндегі адамдарға қайырымдылық көрсетті. Көмек ретінде оларға ерікті жастар ірі қара малдың етін жіліктеп таратты.
– Қазақта «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» деген сөз бар. Бүгінгі ерікті жастардың тарапынан берілген көмекке дән ризамыз. Бұған дейін де қалалық пробация қызметі азық-түліктей, киімдей қайырымдылық жасаған болатын, – деді есептегі ер адам.
Пробация есебіндегі адамдарға қайырымдылық көмектер ҚАЖ департаменті қызметкрелері тарапынан да жиі көрсетіледі. Бүгін есептегі тұрмысы төмен сотталған азаматтарға ет тараттық. Бұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – Дархан Берікбай .