Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында саяжайға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Павлодар облысында саяжайға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ағымдағы жылдың 13 мамырында полицияға саяжай аумағынан металл құбырлар ұрланғаны туралы Павлодар тұрғыны арызданған. Іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер Ақсу қаласының тұрғынын ұстады. Бұл ер адамның көрші саяжайда тағы тоғыз металл құбыры мен шелек ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар облысының Полиция департаменті саяжай учаскелерінің иелеріне өз мүлкін сақтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Саяжайда құнды заттарды қалдырмаңыз. Бөтен адамдарға үйге кіруді мүмкіндігінше қиындатыңыз. Мықты есіктерді орнатыңыз, оларды күрделі құлыптармен жабдықтаңыз, терезелерге торлар қойыңыз. Саяжайда үнемі тұратын көршілерден үйіңізді қарап отыруды сұраңыз. Кілттер жоғалған жағдайда құлыптарды дереу ауыстырыңыз. Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру