Қызылордада автоматты түрде анықтайтын құрылғылар арқылы 12 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада автоматты түрде анықтайтын құрылғылар арқылы 12 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын құрылғылармен 2021 жылдың төрт айында 12 658 құқық бұзушылық анықталды.
Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына 2020 жылы жалпы саны 13 дана «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, жылдың 11 маусымынан бастап толығымен іске қосылған.
Атқаратын жұмысын айта келсек, жылдамдық асыру дерегін автоматты түрде анықтайды.
Жалпы әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын бес дана «Интегра КДД», бір дана «Мираж» және 13 дана «АРКАН» құрылғылары орнатылған.
Автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейне камераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 822-1 бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне) ұйғарым шығарылып, электронды түрде ГЭП (Гибридттік электронды почта) қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекен-жайына жіберіледі.
Аталған құрылғылармен 2021 жылдың төрт айында 12 658 құқық бұзушылық анықталып, оның 8 731 бойынша айыппұл салынды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 812-бабының талаптары негізінде басқа өңірлерге 1 971 ұйғарымдар жолданды. Ал кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұлдарын заңда көрсетілген мерзімде төлемеген құқық бұзушыларға қатысты шығарылған 449 ұйғарым жеке сот орындаушылар палатасына жолданса, 230 ұйғарымдар жұмыс орындары бойынша жолданған.