Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда ҚАЖД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Қызылорда ҚАЖД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне дене шынықтыру және кәсіби даярлық сабағы өткізіледі.

Бүгінгі сабақ барысында мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы Д. Оспанов қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау», сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызметшілер туралы Әдеп кодексінің талаптары бойынша дәріс оқыды. Дәріс барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды, қызметтік этика нормаларын сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсіндірме берді.Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызметшілер туралы Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс екендігін де айтып өтті.

Дәріс соңында қызметкерлерге арнайы профилактикалық мақсатта дайындалған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайындағы бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру