Теміртауда дүкенде ер адамды тонап кеткен күдікті анықталды
Теміртауда дүкенде ер адамды тонап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 мамыр күні Теміртау қалалық ПБ-на қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне аумаққа қарасты аудандардың бірінде орналасқан дүкенде ашық тонау жасалды деген хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел тергеу тобы жіберілді.
Оқиға орынына келген полиция қызметкерлері белгісіз біреу 44 жастағы азаматтан ішінде 15 мың теңге ақшасы бар қол сөмкесін тартып әкеткенін анықтады. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің қандай киімде болғанын және оның түрін сипаттап берген. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмыс болған ауданға жедел жұмыстар жүргізілді. Арада біршама уақыт өткенде полиция қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамға ұқсас 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол жәбірленушімен танылды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-інің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде