Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер «Қару” іс-шарасы барысында 400-ден астам қару иесін тексерді

Шымкентте полицейлер «Қару” іс-шарасы барысында 427 қару иесін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап республика көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. 

17-19 мамыр аралығында Шымкент қаласының полицейлері іс-шара барысында 427 қару иесін тексерді. Анықталған кемшіліктер бойынша қару иелері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17 маусымға дейін өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру