Шымкент ойынханасында түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталды
Шымкент ойынханасында түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан «Cyber sport» ойынханасының карантин режимін бұзып, жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Ойынханада кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін ойын ойнап отырғаны белгілі болды. Карантин талаптарын сақтамаған нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған материалдар шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.
Түнгі уақытта ойынханада жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.