Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткінің ірі сатушысы ұсталды

Алматыда есірткінің ірі сатушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел мәліметтер бойынша, 30 жастағы Қостанай облысының тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген.

– Осы уақыт аралығында ол курьерден көтерме сатушысына дейін «қылмыстық баспалдақпен» көтерілген. Жүктің бірін тасымалдау кезінде ер адам ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде ұсталушыдан 22 орам көлемінде психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Күдікті, сонымен қатар,  осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» психотроптық заты болып табылады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру