Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мектепке жұмысқа тұрғызып беремін” деп қызылордалықтарды алдаған алаяқ ұсталды

“Мектепке жұмысқа тұрғызып беремін” деп қызылордалықтарды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне алаяқтық ісі бойынша екі тұрғын арызданып, шағым түсірген болатын. Оларды алаяқ мектепке жұмысқа тұрғызып беруге уәде етіп, бір миллион теңге ақшаларын жымқырған.

Тергеп-тексеру амалдарын жүргізген басқарманың тергеушілері дер кезінде тиісті шараларын орындап, алаяқты қолға түсірді. Нәтижесінде жәбірленушілерге қаражаттары толықтай өндіріліп, іс сотқа жолданды.

Полиция басқармасы азаматтарды қырағы болуды ескертеді. Аз таныс адамдарға түрлі әлеуметтік жағдайлар бойынша, белгілі бір қаражат аясында жұмысқа тұрғызуға, үй, несие алып беруге көмек береміз деген адамдарға шектен тыс сенбеулеріңізді сұраймыз. Алаяқтық өршіп тұрған уақытта, өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттарыңыз бен банк есеп-шоттарыңыздың мәліметтерін бөгде адамдарға бермеулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру