Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған мүгедектерге арнайы құрылғылар алынды

ШҚО-да пробация қызметі мен еріктілер сотталған мүгедектерге арнайы құрылғыларды алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы жігіт бас бостандығынан айыру орындарынан шығып, пробация қызметінің есебіне тұрды. Алайда, біраз уақыттан кейін жол-көлік оқиғасының салдарынан дәрігерлер оң жақ аяқтың төменгі жағын үштен бірі деңгейінде кесіп тастауға мәжбүр болды. Ұзақ уақыт бойы ол реанимацияда болды, содан кейін стационарлық медициналық көмек алды, мүгедектікті рәсімдеп амбулаториялық негізде емделе бастады.

Бүгінгі таңда сотталған Владимирге мерзімнің бітуіне дейін алты ай ғана қалды. Ер адам анасымен және қарындасымен тұрады. Оның басқа туыстары жоқ болғандықтан, оған ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан Владимирдің анасы пробация қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінді. Тексеру барысында үшінші топтағы мүгедек сотталған адамның толыққанды қалыпты өмір сүру үшін қажетті құралдармен, атап айтқанда техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

– Бұл жағдайға тез бейімделу үшін ерікті және пробация қызметкерлері сотталғанға жаяу жүру кезінде тепе – теңдік пен тұрақтылықты сақтау үшін қосымша қолдауды қажет ететін мүгедектерге арналған құрылғыларды сатып алуға көмектесті. Бұдан басқа, “Әлем Спас” қоғамдық қорының маман-психологымен сотталғанға психологиялық кеңес өткізілді. Мүгедектердің психикалық жай-күйін қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ психологиялық мәселелерді шешуге, әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға және оған бейімделуге көмек көрсетті, – Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің бастығы Жасулан Аринов атап өтті.

– Еріктілер мен пробация қызметінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ашығын айтқанда, мен үмітсіз күйге тап болдым. Бұл жағдай шын мәнінде мейірімді жүректері бар қамқор адамдар көп екенін тағы дәлелдеді, – деп сотталғанның анасы бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру