Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы полицей-спортшылар жетістіктерімен бөлісті

Алматыдағы полицей-спортшылар жетістіктерімен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық жетістіктері бар полиция қызметкерлері жаттығу және спорттық шеберлікті сақтаудың Алматы полициясы қызметіндегі мүмкіндіктері туралы айтты.

– Полициядағы спорт қарқынды дамып келеді. Біздің спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері спортты ішкі істер органдары қатарында дамытудың білікті саясатының көрсеткіші болып табылады. Алматы полициясы спорттық самбо, бокс және еркін күрестен халықаралық чемпионаттарда өнер көрсетіп, биікке көтерілген спортшылармен танымал. Сондықтан жаттықтырушыларға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бұл әр қызметкерге өз еңбегін ғана емес, жанын да салатын офицерлер, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Коронавирустық пандемия кезінде жаттығу және спорттық шаралар уақытша тоқтатылғанына қарамастан, спортты дамыту жұмыстары жалғасты. Жаттықтырушылар спортшылармен онлайн режимінде сөйлесті, семинарлар мен түрлі шеберлік сыныптарын өткізді.

– Бүгінгі күні жеке құрамға толық вакцина егілді, осыған байланысты, біз жаттығу залында жаттығуды қайта бастадық, бірақ жарыстар мен чемпионаттар өткізбейміз. Әрине, қазіргі уақытта жаттығулар мен сынақтардың көп бөлігі “Динамо” стадионында, ауада өтіп жатыр. Тыйым салынған аймақтан шығу дәрежесі ретінде, бас санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес, біз бұрынғы ырғаққа қайта оралып, спорттың әр түрінен алдағы жарыстарға дайындаламыз. Жекпе-жекке қатысушылардан басқа, полицейлердің қатарынан жақсы футболшы, волейболшы, баскетболшы, теннисшілер, тіпті әуесқой – велоспортшылар да аз емес. Әр түрлі іс-шараларға полиция атынан қатысатын полицей-спортшылар біздің мақтанышымыз, – деді Алматы қаласы ПД Арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының бастығы Қуаныш Құлатаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру