Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғын асыл тұқымды итті ұрлап кетті

Шымкентте тұрғын құны 400 мың теңге тұратын итті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу құны 400 мың теңге тұратын қоңыр түсті жеті айлық “Акита-ину” тұқымды итін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру