Қаруды сақтау ережелерін бұзған павлодарлықтарға айыппұл салынды
Азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзған павлодарлықтарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Павлодар облысы Тереңкөл ауданының учаскелік полиция инспекторлары азаматтық қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзудың екі фактісін анықтады. Ауыл тұрғындары қару сақтауға арналған сейфтерді тиісті түрде жабдықтамаған, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Әрбір құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.