Павлодар обысында 2 ЖКО тіркелді: бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Павлодар обысында екі ЖКО тіркеліп, бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2021 жылы 27 мамырда сағат 14:15-те Май ауданы Еңбекші ауылының маңында 49 жастағы мотоцикл жүргізушісі «Ленин-Курчатов» автожолының бойымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, мотоциклдің аударылуына жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.
Сағат 19:00-де Павлодар қаласындағы Катаев-Толстой көшелерінің қиылысында Mitsubishi Delica автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында 125 ЖКО тіркелген, соның салдарынан жеті адам қаза тауып, 191 адам жарақат алған.