Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 мамырында Әл-Фараби АПБ қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Қабанбай батыр 18/3 үйде орналасқан ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Cонымен қатар дәл осы ойынхана «Ashyq» бағдарламасына тіркелмей, сағат 22:00-ден кейін де келушілерді қабылдаған. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп келген. Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру