Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгеге алданды

Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгеге алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ағымдағы жылдың 5-25 сәуір аралығында бейтаныс қыз оны алдап, сеніміне кіріп, оның 560 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп кеткені туралы шағымданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы әйелді анықтап, оны ұстау шараларын қабылдады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру