Ақтөбеде «Қару» іс-шарасы барысында 19 бірлік қару тәркіленді
Ақтөбеде «Қару» іс-шарасы барысында 19 бірлік қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.Облыс бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2021 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
11 күннің қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан барлығы 19 атыс қаруы тәркіленді. Бұдан басқа, ойық және тегіс ұңғылы қаруға 22 дана патрон тәркіленді. Сондай-ақ 108 дана пышақ тәркіленді.
Полиция инспекторлары азаматтық қару иелерін тексеруде. Тексеру нәтижесінде 136 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 17, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 94 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 25.