Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-де мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Маңғыстау облысы ПД-де мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды, – деп хабардайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Ж. Бақтыбаевтың бұйрығына сай өткен Халықаралық мұражай күні мен Мәдениет күні мерекелеріне орай Департаменттің мәдени қызметі саласындағы қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.

Марапаттау рәсімін Департамент бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов өткізді. Алғыс хат иеленгендер: Департамент мұражайының меңгерушісі Ақбала Алекешева мен Кадр саясаты басқармасының қызметкері Нәубет Ардақхан.

– Полиция қызметінің басым бағыты қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу болғанымен, полиция қызметкерлерінің мәдени-рухани танымын байыту да өз кезегінде кем болмауы тиіс. Ол да бір маңызды бағыттың бірі. Сол үшін де бұл қызметкерлердің өңір полициясының қызметідегі еңбегі орасан, – деп атап өтті Болатбек Ақшауов .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру