ШҚО-да пробация қызметкерлері ерекше балаларды назарсыз қалдырмады
ШҚО-да пробация қызметкерлері мереке қарсаңында мүгедек балаларға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінің ұжымы да шетте қалған жоқ. Мереке қарсаңында пробация қызметінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, мүгедек балалары бар мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған, бірақ соған қарамастан үмітін үзбеген, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге көмек көрсету бастамасын көтерді. Еріктілердің қолдауымен азық-түлік жиынтықтары, тәттілер және ойыншықтар тарту етілді.
Барлық алдын алу және шектеу шараларын сақтай отырып, олар тұратын жердегі отбасыларын құттықтап, оларға дайындалған жиынтықтар мен сыйлықтар табысталды.