Пышақпен қорқытты: Қарағанды облысында ер адам такси фирмасына қарақшылық шабуыл жасады
Қарағанды облысында ер адам такси фирмасына қарақшылық шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 мамырда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-на, Абай қаласындағы такси фирмалардың бірінің ғимаратында тонау болғаны туралы хабарлама түсті.Жәбірленуші 50 жастағы диспетчер әйелді, белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, үш мың теңге көлеміндегі қаражатты алып қашып кеткен.
Жедел-іздестіру кезінде полиция қызметкерлері күдікті 46 жастағы ер адамды ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.