Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері балаларды профилактикалық іс-шараларға қатысуға шақырады 

СҚО полицейлері балаларды профилактикалық іс-шараларға қатысуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері болашақ бірінші сынып оқушыларын жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларына үйретті. Орталық көшелердің бірінде бүлдіршіндер полицейлермен бірге жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүру бөлігінен өтті. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бұл қауіпсіздік сабағының болашақ мектеп оқушыларының мәңгі есінде қалатындығына сенімді.

Алты жасар Диана Мәлікова балабақшада оны жолда жүріп-тұру қағидаларына үйреткені, полиция қызметкерінің сабағы әсерлі өткені жайлы айтты.

– Биыл мен бірінші сыныпқа барамын. Маған полицей ағайлар айтқандай, жолдан, жаяу жүргіншілер өткелінен өтер кезде де міндетті түрде жан-жағыңа қарау керек, – дейді Диана.

Сонымен қатар “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп жатқан акцияға тағы бір қаланың жас петропавлдық қатысуға ниет білдірді. Алты жастағы Әлихан Хамит те биыл мектеп табалдырығын аттамақ.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқов жаз кезінде балалар жол-көлік жарақаты полицейлердің ерекше алаңдатушылығын тудырады. Жазғы демалыс кезінде полицейлер ата-аналардан жолда жүріп-тұру қауіпсіздігін түсіндіру бойынша ерекше назар аударуды сұрайды. Жыл басынан балалардың қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы орын алған. Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерден жолда сақтық танытуға, сондай-ақ велосипедшілер мен басқа да жол қозғалысының жас қатысушыларына да ерекше назар аударуға шақырады.

Полицейлер жазғы демалыс кезінде барлық ниет білдірген балаларды профилактикалық іс-шараға қатысуды ұсынады. Ол үшін СҚО Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтының (@sqo_pd) Direct бөліміне жүгіну қажет. Келесі танымдық серуен жас велосипедшілер үшін өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру