Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейге пара ұсынған мақтааралдық қамауға алынды

Түркістан облысында полицейге пара ұсынған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткі затын сатумен айналысатындығы туралы хабар келіп түскен. Осыдан соң хабар алысымен полицейлер ақпаратты назарда ұстап, тексеру жұмыстарын жүргізе бастады. Полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент кенті тұрғынының үйін жеке тінту барысында бес дана есірткі затын шегетін құрылғы, бір дана пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат және бір дана кастет пен есірткі затының дәндерін тапты. Айғақты заттар сараптамаға жолданып, күдікті ПБ-ге жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес алты граммға жуық марихуана екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары орын алған оқиғаны ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Яғни осы аталған жайтқа байланысты қылмыстық істі тергеу барысында күдікті азамат тәртіп сақшысына істің оңтайлы шешілуі үшін пара ұсынады. Тергеуші ол ісінің заңға қайшы екенін айтқанымен, күдікті бұл әрекетін бірнеше рет қайталайды. Осыдан соң күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ер азамат қамауға алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты аталмыш екі бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды тұлғаларға, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге жол бермейік!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру