ШҚО-да тұрғын колонияға есірткі кіргізбек болды
ШҚО-да тұрғын колонияға телефондар мен есірткі кіргізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметкерлер бір уақытта ерекше тәртіптегі мекеменің жан жағынан екі құқық бұзушылыққа жол берген азаматша мен азаматты ұстады.
Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде жұбайымен кездесуге келген әйелді ұстады. Әкелген заттардың ішіне жасырған екі телефон, зарядтағыш және SIM-картаны тәркіледі. Сондай – ақ, дәл сол сағатта дәл осындай дерек осы мекеменің қоршауында тіркелді. Онда ер адам мекеменің қоршаулары арқылы екі ораманы лақтырмақ болған. Оны байқап қалған сарбаз мекеме қызметкерлеріне хабарлаған, қызметкерлер оқиға орнына екі минутта жетіп, лақтырмақ болған азаматты ұстап, қолындағы екі ораманы тәркіледі. Осылайша тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіру дерегінің алдын алды. Тексеру кезінде ораманың ішінен оралған бес телефон, зарядтағыш және трамадолдың 40 таблеткасы шыққан.
– Екі деректе мекеменің ақпаратты есептік кітабына тіркелген. Бірінші факті бойынша әйел адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Екінші дерек бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін құжаттар жиналуда. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қызметкерлер жедел жұмыс істеді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.