Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халде мотоцикл басқарған мақтааралдық қамауға алынды

Мас халде мотоцикл басқарған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай кезекті шара барысында мақтааралдық полицейлер аудан ішінде сағат түнгі 22:30 шамасында жол ережесін бұзып келе жатқан Муравей мотоциклін тоқтатты. Оны тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің мас халде болуына күдіктенді. Осылайша сараптама тағайындалып, зерттеудің қорытындысына сәйкес, оның мас халде екені расталды.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданды. Мақтаарал аудандық соты көлік құралын басқару құқығы болмаған жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға үкім етті.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ішімдік ішіп, көлікке отырмаңыздар деп ескертеді. Одан бөлек жол қауіпсіздігі ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, тиісті заң талаптарын орындауға шақырады. Бірінші кезекте жүргізушілерге өз өмірлері мен бас амандықтарын ойлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру