Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адамның қолынан телефонды тартып алған күдікті ұсталды

Қарағандыда ер адамның қолынан телефонды тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 маусымда сағат 16:30 шамасында Қарағанды қаласы ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне шағын аудандардың бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлер, 45 жастағы ер адамға белгісіз біреу шабуыл жасап, қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Шығын көлемі 120 мың теңгені құрайды.Жәбірленуші шабуылдаушының сыртқы келбетін сипаттап берді. Көп ұзамай патрульдік полиция қызметкерлерін байқап, қашып кетуге тырысқан ер адам ұсталып, тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Күдікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екендігі анықталды. Ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру