«Қауіпсіз жол»: Алматы полициясы ең көп кездесетін жол ережелерін бұзушылық туралы айтты
Алматы полициясы ең көп кездесетін жол ережелерін бұзушылық туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, «Қауіпсіз жол» полициялық іс-шарасы Алматы қаласында өтуде.
– Полиция апаттық жағдайды азайтуға жол-көлік оқиғаларын алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністердің уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады. Шаһар жолдарында іс-шара басталғаннан бері барлығы алты мың 205 жол ережесін бұзу анықталды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
593-бап 1-бөлім (Қауіпсіздік белдігін қолданбау) 1 317
615-бап (Жаяу жүргіншілер) 1155
595-бап (Маневр жасау ережелерін бұзу) 939
590-бап 9-бөлім (Техникалық бақылаудан өтпеген КҚ басқару) 758
591-бап (КҚ басқару кезінде телефонды қолдану) 754
606-бап (Апаттық жағдайды тудыру) 466
600-бап (Жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеу) 326
599-бап (Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту) 160
608-бап (Мас күйінде КҚ басқару) 106
590-бап 7-бөлім (Заңсыз қайта жабдықтау) 77
612-бап 1-бөлім (Басқаруға құқықы жоқ адамның КҚ басқаруы) 69
596-бап 3-бөлім (Қозғалыстың қар жолағына шығу) 38
607-бап (Темір жол жолдарының өткелінен өту ережесін бұзу) 19
590-бап 4-бөлім (Жалған МТНБ КҚ басқару) 19
612-бап 3-бөлім (Басқару құқығынан айырылған адамның КҚ басқаруы) 13
Айыппұл тұрағына 959 көлік қойылды