Түркістан облысының полицейлері түлектер кешін тоқтатты
Түркістан облысының полицейлері түлектер кешін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті тексеріс кезінде мобильдік топпен шыққан Жетісай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Абубакиров С.Қожанов көшесінің бойында орналасқан мейрамханада ауданға қарасты ауыл мектебі түлектерінің салтанатты кешін анықтады. Ата-аналар мен ұстаздар, бітіруші оқушылар, жалпы 50-ден астам қонақ жиналған кеш полицейлермен тоқтатылды. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Анықталған жайтқа қатысты тойхана иесі мен ұйымдастырушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша) іс-құжаттар жинақталып, шара қабылдау үшін Жетісай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Одан бөлек, полицейлер аудан көлемінде барлық мейрамхана мен тойхана, ойын-сауық орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл індеттен арақашықтыты сақтап, бетперделік режимді сақтағанда ғана жоюға болатынын жеткізді.
Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.