Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мигрант»: Ақтөбедегі 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы аумағында ағымдағы жылғы 7-16 маусым аралығында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон каналының жолын кесу, облыс аумағында шетел азаматтарының заңсыз жұмыс жасаудың іс-әрекетін жою, Қазақстан Республикасының азаматтарының заңсыз шетел жұмыс күшін тартуға жол бермеу, мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту фактілерін анықтау және бірнеше рет шетел жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау.

Іс-шараның алғашқы күнінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 61 адам, оның ішінде 39 шетел азаматы, сонымен қатар шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзуға жол берген 22 ҚР азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

12 шетел азаматы соттың қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды, оның ішінде бір ҚХР азаматы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру