Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған тұрғынды анықтады

Ақмолалық полицейлер жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақмолалық полицейлер Жолымбет кентінің 38 жастағы тұрғынынан 18 дана электр детонаторын тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес электр детонаторлар зарядтарды қозғауға арналған және жару құралы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Жарылғыш заттарды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында Ақмола облысының аумағында «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін, сондай-ақ қызметтік қаруы бар күзет фирмаларын қаруды сақтау шарттарының ережелерін, қаруды тіркеу (қайта тіркеу) мерзімінің тәртібін сақтауына тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру