«Ақшаны екі есе көбейтіп беремін»: Шымкентте алаяқ зейнеткерді алдап кетті
Шымкентте алаяқ «ақшаны екі есе көбейтіп беремін» деп зейнеткерді алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің «М» есімді танысы оның сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақысын көбейтіп беремін деп алдап, алаяқтық жолмен 300 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.