Қарағандыда гүл сататын дүкенге шабуыл жасаған күдікті анықталды
Қарағандыда гүл сататын дүкенге шабуыл жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне гүл сататын дүкенде белгісіз біреу мүлікке зиян келтіргені – гүл сөрелері мен бес дана гүлдерді сындырғаны туралы хабарлама келді. Келтірілген шығын мөлшері 140 мыңнан астам теңгені құрайды.
Бірнеше бейнебақылау камераларының арқасында полиция осы бұзақылық әрекетті ұйымдастырған қаскүнемді анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қызметкерлер күдікті – 30 жастағы ер адамды ұстады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.