Қарағанды облысында зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды
Қарағанды облысында зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 маусымда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-на 86 жастағы зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Жәбірленуші зейнетақысын алып үйіне бара жатқанда, оған белгісіз әйел шабуыл жсап күртесінің қалтасынан 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Қаражат алынып, жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.