Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында жүлделі орын алды

СҚО полицейлері қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында жүлделі орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті қызметкерлері Ырысбек Байдуллаев және Ердәулет Сайдуллаев шырайлы Ташкенттен СҚО-ға жүлделі үшінші орынды жеңіп әкелді. Тәртіп сақшылары Өзбекстан астанасында маусымның 4-і мен 8-і аралығында қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған құрама команданың қатарында болды. ҚР намысын 9 спортшы қорғады. Аталған спорт түрі бойынша күш сынасқан құрамада алғаш рет солтүстікқазақстандық полицейлер де болды.

Ырысбек Байдуллаев 65 кг дейінгі салмақта, Ердәулет Сайдуллаев 75 кг дейінгі салмақта сынға түсті. Жалпы қазақстандықтар 7 қола және 2 алтын медаль жеңіп алды. Погондағы солтүстікқазақстандық спортшылар еліміздің жалпыкомандалық үшінші орын алуына үлестерін қосып, облыс намысын хылықаралық додада абыроймен қорғады. Жалпы чемпионатқа 30 мемлекет қатысқан. Жеңіс тұғырынан сайыс иелері көрінді, екінші орынды ресейліктер еншіледі.

“Қоян-қолтық ұрыс сияқты спорт түрлері құқықтық тәртіп сақшылары үшін аса маңызды. Бұл полиция қызметкерлерін спортпен айналысуға және дене шынықтыруды дамытуға ынталандырады”, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

15 маусым күні жеңімпаздар СҚО Полиция департаментінің аппараттық кеңесінде марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру