Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тұрмыс” іс-шарасы: Павлодар облысында 24 тұрғын жауапқа тартылды 

Павлодар облысында “Тұрмыс” іс-шарасы барысында 24 тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Павлодар облысы Успен ауданының аумағында “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырады.

– Бүгінгі таңда біздің қызметкерлер есепте тұрған 135 адамды тексерді. Оның ішінде спирттік ішімдіктерді ішетін 75 адам, 16 қолайсыз отбасы, алты нашақор, 27 адамға қатысты сотпен ерекше талаптар белгіленген, – деді Успен ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір фактісін анықтады, үш қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ ауданның 24 тұрғыны түрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру