Шымкентте әмиян ұрлаған күдікті ұсталды
Шымкентте әмиян ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 15 маусымында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам қалада орналасқан базарлардың бірінде сауда-саттық жасап отырғанда өзіне тиесілі әмиянін, оның ішінде 150 мың теңге, автокөліктің төл құжаты және жеке куәлігін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.