Маңғыстауда 14 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзды
Маңғыстауда 14 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 17 мамыр мен 16 маусым аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ЖКО-ның өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған көшелерде, жолдың жүру бөлігінде және іргелес аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 14 339 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, алкоголь немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралын басқарған 147 жүргізуші анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 611;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі бойынша (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) – 833;
Жүргізушінің ұялы телефонды пайдаланғаны үшін – 2425;
ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 3 011;
ҚР ӘҚБтК 595-бабы бойынша (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 1791;
ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) – 86;
ҚР ӘҚБтК 599-бабы бойынша (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жүріп өту) – 559;
ҚР ӘҚБтК – нің 612-бабы бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ және көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) – 268.
Айыптұраққа 672 автокөлік орналастырылып, сот орындаушыларымен бірге 39 млн. 351 мың 008 теңгеге айыппұлдар өндірілді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлерімен бірге айыппұл тұрағына жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 90-ға жуық автокөлік қамауға алынды.
Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев жүргізушілерді жолдарда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.