Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» : Шымкентте 14 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 14 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 14 318 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар: көлікті мас күйде басқарған – 110, техникалық байқаудан өтпеген – 765, заңсыз қайта жабдықтау – 145, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 209 адамға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 4 838, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 2 888, маневр ережесін бұзған – 1 108, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 83, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 625, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 632, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы – 170, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу – 130, авариялық жағдай туындатқан – 128 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болған 2 248 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді. Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны 374-ке жетті. Авариялық қауіпті аймақ болып есептелетін 1 701 шақырым көше бойы зерделеніп, 301 дана жол белгілері орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру