Қызылордада «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылордада «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде ағымдағы жылғы 17-20 маусым аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс жүргендерін анықтауға бағытталған.
Іс-шара аясында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша, сонымен қатар қаңғыбастыққа салынып жүрген балаларды, бала еңбегін заңсыз пайдалану деректерін анықтау мақсатында саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары, фермалар, үй жертөлелері, темір жол жіне автобус вокзалдары, көңіл көтеру орындары, базарлар (дүкендер), автожанармай құю станциялары мен автожуу орталықтарында арнайы рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.