Қарағанды полицейлері ата-аналарды жол жүру ережесін сақтауға шақырды
Қарағанды полицейлері ата-аналарды жол жүру ережесін сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айының 15 мен 19 аралығында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері «Балаларды жол-көлік оқиғасынан сақтаймыз» атты кең көлемді акция өткізуде. Шараның мақсаты балалар арасында жол көлік оқиғасының алдын алу, олардың арасында жол жүру ережелерін сақтауды үйрету болып отыр.
Акция аясында Орталық полиция бөлімінің ювиналдық полиция инспекторлары жасөспірімдердің ата-аналарына балаларға жол жүру ережелерін сақтауды қалай үйрету, жас жеткіншектер көшеде өздерін қалай ұстау керек деген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері білім беру мекемелеріне жол жүру ережелерін сақтау бойынша жасалған методикалық кітапшалар жолдады.
Мәслен, 17 маусым күні Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері «Думан» балабақшасының әкімшілігімен бірлесіп ата-аналар арасында көлікте жүрген уақытта қауіпсіздік белдігін тағу, балаларды көлікте тасымалдау кезінде балалар орындығын пайдалану бойынша кеңестер берді.
– Бұндай акциялар өткізу өте қажетті дүние. Өйткені балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың да басты міндеті. Жолда жүру қауіпсіздігі бүгінде күн тәртібінде тұрған басты міндеттердің бірі. Менің ұлым осы балабақшда тәрбиеленеді. Бұл акция біз үшін өте қажетті шараның бірі болды, – дейді акцияға қатысушы Лиля Касимова
Сондай-ақ полиция қызметкерлері Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беру мектебімен бірлесіп, жас жол инспекторларының қатысуымен флэшмоб өткізді.
– Біз осы флэшмоб арқылы өз қатарластарымызды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолда жүргенде абай болуға шақырамыз, – дейді жас жол қозғалысы инспекторы Дильназ Серікбаева.
– Жол-көлік оқиғасы кезінде көбіне көп балалар көп жарақат алып жататыны жасырын емес. Бұл біріншіден балалардың жол жүру ережелерін сақтамау болса, екіншіден жол өткелдерінен өту немесе жолда жүргенде ата-аналардың балаларға қарамау салдарынан болып жататыны жасырын емес. Сондықтанда, балалардың жол-жүру ережелерін үйрету, жол өткелдерінен өту кезінде өздерін қалай ұстау керектігін үйрету мақсатында біз үнемі осындай іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Осы акция аясында өзімізге тиесілі аумақтағы барлық білім беру мекемелерін қамтып, барынша балаларға түсіндіру жұмысын жасаймыз деген ойдамын, – деді ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Айман Асылбекова.