Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықаралық дәрежедегі чемпион-полицей Перизат әріптестерін мерекемен құттықтады

Халықаралық дәрежедегі чемпион-полицей Перизат әріптестерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицей палуан Перизаттың бүкіл өмірі жаттығу залында өтуде. Спортты серік еткен қыздың жетістіктері мен түр-тұлғасына қарап, қазақтың батыр қыздары Әлия, Мәншүктің жалғасы дерсіз! Полицейлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Перизат барша әріптестерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қоғамдық тыныштықтықты сақтауда халыққа қалтқысыз қызмет етіп, қашан да абырой биігінен көрінуге шақырды.

Перизат Нұрланқызы бұған дейін талай жарыстарда топ жарған. Атап айтсақ, күрес түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама мүшесі. 2008 жылдан бастап дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Көптеген республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Дзюдо күресінен ҚР чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Самбо күресінен ҚР чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы атағын иеленген. 2017 жылы Астана қаласына өткен Әлем чемпионатында бар күш-жігерін салып, күрес тәсілдерін жоғары меңгергенін көрсетіп, жеңімпаз болған. Дәл осы жылы Түркіменстан елі, Ашхабад қаласында өткен Жабық кешеніндегі Азия ойындарының және аталған жарыста “белбеу”, “алыш”, “түркмен” күрестерінен жеңімпаз атанған. Қазан қаласында өткен әлем чемпионаттарында екінші орын иеленген. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем біріншілігінің жүлдегері, оған қоса “белбеу” күресінен ҚР чемпионатының алты дүркін чемпионы.

Бір сөзбен айтқанда, нәзік жанды Перизат бағы мен бабы келіскен нағыз мықты жан. Түркістан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағында кез келген адам қызмет етпейді. Сондықтан сенімді ақтап, Қазақстанға адал қызмет етуіңе тілектеспіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру