Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притонды жойды

ШҚО полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притонды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16-18 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында полиция қызметкерлері «Stop-трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Ол жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған.

Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, жалға берілетін пәтерлерді және қонақ үйлерді тексерді. Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың үш фактісі анықталды. Олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті адамдар өз кінәсын мойындады, енді олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір фактісі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 28 адам тартылды, профилактикалық есепке жеті адам қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру