Шымкентте тұрғыннан ұялы телефон ұрлаған әйел анықталды
2021 жылдың 16 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз әйел Адырбеков көшесінде оның өзіне тиесілі құны 185 мың теңге тұратын «Samsung S9» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №30 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.