Шымкентте 250 адамдық той тоқтатылды
Шымкентте 250 адамдық той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 20 маусымында сағат 19:11-де аудан аумағында орналасқан «HAYAT» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, үйлену той өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбай, ұйымдастырушы тойға 250 адамнан аса қонақ шақырған. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар тойхана ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткені белгілі болды.
Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.