Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде патрульдік полицейлер көмек көрсетті

Түркістан облысында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде патрульдік полицейлер көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Рауан Әшірбеков пен Бекарыс Төребек, күнделікті патрульдеу қызметінде жүргенінде Жібек жолы-Жетісай тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алғанын байқады.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлердің анықтауынша, өз жолымен келе жатқан Газель көпорындықты көлікке қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен «Toyota Avensis жеңіл көлік соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы оқиға орнында қаза табады. Сондай-ақ Газельдің бір жолаушысы мен Toyota Avensis көлігінің екі жолаушысы жеңіл жарақат алып, медициналық көмек алу үшін аурухана көмегіне жүгінген.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші полиция қызметкерлері жол апатына түскен көліктердің жолаушыларының сыртқа шығуына көмектесті. Жедел-жәрдем келемін дегенше, қажетті қолдау көрсетті. Сонымен қатар оқиға орын алған жерде қауіпсіздікті сақтап, автокөліктердің реттілікпен жүруін қамтамасыз етті. Барлық сәттер полицейдің бейнежетонына түсірілген.

Бұл жайт Келес АПБ-ға тіркелді. Бүгінде ҚР ҚК 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Патрульдік полиция қызметкерлері жылдың төрт мезгілінде жол бойында тұрып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Алайда сақтық шараларын ескермейтін, жол ережесін сақтамайтын жүгенсіз жүргізушілер көп кездеседі. Олардың ішінде басым көпшілігі мас халде көлік тізгіндегендер, жылдамдықты арттыратындар, қарсы бағытқа шығып кететіндер, рөлде отырып телефонмен сөйлесетіндер. Қазіргі таңда аталған олқылықтарға жол беретін көлік тізгіндеушілер өз өмірімен қоса өзгенің де өміріне зиян келтіруде. Сондықтан, жол-апаты орын алмас үшін үнемі жол қозғалысы ережелерін сақтап жүруді дағдыға айналдырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру