Ақтөбеде мас мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды
Ақтөбеде мас күйде мотоцикл жүргізгені үшін жүргізуші УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 маусым күні сағат 00.45-те патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылында патрульдеу барысында орталық стадионға қарама-қарсы 26 жастағы жүргізушінің басқаруымен Рейсер мотоциклін тоқтатқан.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Мотоцикл жүргізушісі УҰИ-ға қамалды.