Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 9 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді

ШҚО-да «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде тоғыз миллион теңгеден астам қаражат өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың маусым айының 21 мен 23 аралығында, әкімшілік айыппұлдарды уақытында өндіру мақсатында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол қозғалысы ережелерін бұзушылар анықталады.

Іс-шараның бірінші күні 9 млн. теңгеден астам қаражат өндіріліп, 48 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

ШҚО ПД ӘПБ бастығы Ернар Базаров:

– ЖПІШ өткізу кезінде 10-нан астам әкімшілік айыппұлы бар, жалпы сомасы 77 мың теңгеден асатын Семей қаласының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізуші облыс орталығына келген сайын Жол жүру қағидаларын бұзып, құқықбұзушылықтар жасаған. Аталған оқиғаға қатысты жүргізушінің автокөлігі айыппұлдарын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабына сәйкес, азаматтар жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге мүмкіндігі бар, осы мүмкіндікті пайдаланбаған жағдайда, айыппұлдың толық сомасын ерікті түрде отыз тәуліктен кешіктірмей төлеу қажет.

Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін жіберіледі.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті алдағы уақытта әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылмау үшін, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру