Қарағанды полицейлері телефон ұрысын ұстады
19 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік–Шығыс полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Арызда қала тұрғыны көлік жуу бекетінде өзінің үстелде жатқан, 15 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін баяндады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, заттай дәлелдеме алынды.
ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.