Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі өтті

ШҚО-да жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде жыл сайын 23 маусым күні кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтеді, осыған орай ШҚО Жарма ауаны Шуақ ауылында орналасқан ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде салтанатты түрде жас қызметкерлерге ант қабылдау рәсімі өткізілді.

– Қазақстан полициясы күні – бұл қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еғбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігің үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алу күн. Сондықтан бүгін жас қызметкерлермен салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі тектен тек ұйымдастырылған жоқ, бірінші күннен бастап сіздер де өз қызметтеріңізді адал атқарып, қабылдаған анттарыңызды бұзбай, Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал қызмет ететіңізге сенемін, – деді мекеме бастығы  Жақсылық Алтаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру