Жамбылда жасөспірімдер қылмысы 25,5%-ға төмендеді
Жамбылда жасөспірімдер қылмысы 25,5%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар көрсеткішінің 25,5%-ға (49-дан 36-ға дейін) төмендеу дерегі тіркелді.
Қосымша ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және онша ауыр емес қылмыстар саны азайды.
Сонымен қатар қылмыс түрлері бойынша ауыр дене жарақаттары, бұзақылық және бөтеннің мүлкін ұрлау, бұрын жасаған жасөспірімдердің топпен қылмыстар санының төмендеуі байқалады.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар санының 42,6%-ға төмендеу динамикасы байқалады, оның ішінде жалпы білім беру мекемелеріндегі білім алушылар 66,6%-ға, колледждерде 41%-ға, еш жерде оқымайтындар мен жұмыс істемейтіндер 14,2%-ға төмендеген.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 7,1%-ға төмендеді. Оның ішінде кісі өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақатын салу, алаяқтық, бұзақылық және бөтеннің мүлкін ұрлау.
– Жыл басынан бері жергілікті рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Жамбыл облысының полиция бөлімдеріне 3 867 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 2 974 жасөспірім. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 64 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы 57 заң бұзушылық анықталды. ІІО есебіне 182 жасөспірім және 156 қолайсыз отбасы қойылды. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 14 кәмелетке толмаған жасөспірім орналастырылды, 36 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-ана құқықтарынан айырылды, – деп сөзін түйіндеді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.